Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфтиді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде Оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғаны туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, бүкіл әлем бастан өткеріп отырған пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиология жағдайының тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Рамазан айы
Фото: Akorda.kz

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти президентті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтап, «Муфтият» баспасынан жақында жарық көрген «Тәпсірлердің таңдаулысы» атты Құран тәпсірлерінің қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады.