Алматы облысында аудан кіреберісіне блокпост қойылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактика сипатында күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады, – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Блокпост, Алматы, карантин, Коронавирус
Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, Алматы облысында өткен тәулікте 263 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өңір коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.