Ақпарат министрі «Спутник V» вакцинасын салдырды

Қазіргі көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Денсаулығыма ешқандай әсер еткен жоқ. Инені салған кезде кішкене ауыратыны бар ғой, солай ауырды. Жалпы өзімнің денсаулығым өте жақсы. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдым. 2-3 күндей денсаулығымды сақтап, ең бірінші суыққа шықпай, маска киіп жүру деген сияқты нәрселердің бәрін міндетті түрде орындаймын, — деді министр.

Аида Балаева, вакцина

Аида Балаева 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салғызатынын айтты. Ол «Спутник V» вакцинасын ектірген.

Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырдым, — деді Аида Балаева.