Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Директорлар кеңесінің шешімімен Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі консультанты болып бастаған.
2011-2012 жылдары «KazTransCom» ERP-Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы және «Қазтрансгаз» акционерлік қоғамы кәсіпорындары жобасының консультанты.
2012-2014 жылдары «Astana Innovations» акционерлік қоғамында түрлі қызметтер атқарды.
2014-2015 жылдары «Ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.
2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.
2016-2017 жылдары «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалар бойынша менеджері.
2017-2019 жылдары «Транстелеком» акционерлік қоғамы орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.
2019-2020 жылдары «Tengri Lab» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық кеңсесінің басшысы.
2020 жылы ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының м.а.
2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ЦДИАӨ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.