13-15 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМҚ 13-15 сәуір күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болатынын хабарлады.

Оның әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтеріледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 10-12 сәуір күндері көктемге тән ауа райы болатыны хабарланған еді.