Басты бетЖаңалықтарІІМ Риддердегі...

ІІМ Риддердегі 2 жасар баланың өліміне байланысты үндеу жасады

Кейін балалар анасымен бірге көшеге шыққанын анықталған. Анасы көрші үйде қонақта болып, балаларын терезеден бақылап отырған. Біраз уақыттан соң далаға шыққан кезде, баласын таба алмай қалған. Басқа балалар да оның қашан және қайда кеткенін байқамаған.

Ішкі істер органдары бірден балалар ойнап жүрген тұрғын үй маңын, көшелер мен үйді тексерді. Маңайдағы он көшеде 50-ден астам үй қаралды. Үшінші көшеден кейінгі дүкендерде орналасқан камералар тексерілді, бірақ жазбалардан ештеңе табылған жоқ.

Іздестіру түні бойы жалғасты, оған 80-нен астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 50 әскери қызметшісі, құтқарушылар, ТЖД 3 кинология қызметі және 135 ерікті қатысты. Өкінішке қарай, жаңбыр жауып тұрғандықтан қызметтік иттер іздерді таба алмады.

Таңертең тоғыз жарымда ғана облыстың криминал полиция қызметкерлері Быструха өзенінің бойын тексеру кезінде, бала жоғалып кеткен үйден шамамен 800 метр қашықтықта, өзеннің бойында жатқан ағаштың жанынан баланың мәйітін тапты.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады, сонымен бірге баланы іздеуге қатысқан еріктілер мен қолдаушыларға алғыс білдіреді.

Елдегі су тасқыны жағдайын ескере отырып, көшелерде жүрген балаларға абай болуды, кішкентай балалар мен кәмелетке толмаған балаларды су қоймаларының жанында жалғыз қалдырмауды сұраймыз, – деді ведомство қызметкерлері.