Басты бет Жаңалықтар Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар интернет салдарынан халықаралық турнирден шығып қалды

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар интернет салдарынан халықаралық турнирден шығып қалды

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашар болуына байланысты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Динара Сәдуақасова

Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыз болуына байланысты Polgar Challenge турнирінен шығуыма тура келгенін хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге шахмат жағынан да, техника жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда интернетпен қиындықтар бола берді, — деді Сәдуақасова.

Ол әр партия сайын интернетті ойлап, алаңдай бергенін айтты.

Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын, — деді шахматшы.

Exit mobile version