Екпе салу науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында бүгінге дейін коронавирусқа қарсы 3 500 адамға вакцина салынды.
Оның арасында, 954 медицина қызметкері, 571 педагог, 138 полиция басқармасының қызметкері, 45 студент, 51 ІІМ қызметкері, созылмалы аурумен ауратын 100 адам және қаланың 1 мың тұрғыны бар, — делінген әкімдік тартқан хабарламада.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бүгінде екпе салу науқаны бойынша 5 транш жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өткен төрт эшелон бойынша 2 910 адамға екпе салынды. Мұнда ең алдымен иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МАСК), қабылдау бөлімшесінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алатынын атап өткен жөн. Екінші сатыда жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медицина қызметінің жұмыскерлері қамтылған. Үшінші саты мектеп-интенаттар, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратындар, медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне қаралған.
2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Бүгінде қаланың барлық тұрғыны вакцинациядан өтіп жатыр. Вакцинаны алудың жалғыз шарты — қаланың кез-келген емханасына тіркелу. Егер шетелдік адамның тұруға ықтиярхаты және емханаға тіркелсе, медицин көмегінің барлық қажетті көлемін ала алатын болса — оларға да вакцина қолжетімді, — делінген хабарламада.
«Күн сайын бізде 60-қа жуық адам екпе алып жатыр»
Күнделікті бізде шамамен 60 адамға екпе салынады. Екпе салынғандардың барлығының жай-күйі жақсы. Осы уақытқа дейін бейтарап әсерлер анықталмады. Біздің азаматтарымызбен бірге шет ел азаматтары да вакцина алып жатыр. Мысалға, бүгін тұруға ыхтияры бар, қаладағы емханаға тіркелінген Оңтүстік Кореяның 5 азаматы келді. Олардың барлығы вакцина алды, — деді №36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Венера Тохтахунова.
«Пандемия тезірек аяқталсын деп тілеймін»
Бүгін мен «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Мен келгенде қан қысымымды өлшеп, сатурация жүргізіп, тамағымды тексеріп, созылмалы аурудың бар-жоғы туралы сұрады. Тексеріс кезінде барлығы қалыпты болды. Екпенің салынғанын тіпті сезбей қалдым. Содан кабинетке апарды, ол жерде жарты сағаттай отырдым, өзімді жақсы сезіндім. Менің таныстарымның барлығына екпе салынған, мен жұмысым үшін созып жүргенмін. Ауру арашалап өтеді деп үміттенем, осы уақытқа дейін ауырған жоқпын және ауырғым да келмейді. Сол себепті вакцина алуға келдім және де барлығыңызға алуды ұсынамын. Пандемияның тез бітуін тілеймін, — деді қала тұрғыны Ю. Чиун.
Наурызбай ауданы бойынша вакцинаны салу №7 қалалық клиника ауруханада, №26, 27, 36 қалалық емханаларда күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. №36 қалалық емханада вакцина салу екінші қабаттағы 209 кабинетте, ал, екінші сатысы — яғни, ревакцинация 1 қабаттағы 104 кабинетте жүргізіліп жатыр.
Екпе алуға тілек білдіргендердің бәрін вакцинацияға шағырамыз, — деді №36 қалалық емхана маманы.
Еске салайық, вакцинациялауға өтінімді жеке кабинет немесе Egov мобайл қолданбасы арқылы онлайн беруге болады.
Өтінім ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін мамандар хабарласады. Екінші компонентті алу үшін екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. Бір өтінім жеткілікті. Науқас 21 күннен кейін белгілі бір мекен-жайға бару керек екендігі туралы ескерту алады. Онлайн жазылу арқылы кезекке тұрудың қажеті жоқ. Әрбір емханада колл-орталық бар, сонымен бірге 1406 қысқа нөмірі жұмыс істейді.