Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін, — делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатында ІІ Елизавета патшайым мен оның туыстарының қайғысына ортақ екенін жазды.

Осынау азалы сағатта, Ұлы мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаның күйеуі Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды. Ол 10 маусымда 100-ге толатын еді.

Ұлы мәртебелі патшайым өзінің сүйікті күйеуі Филипп ханзаданың қайтыс болғанын хабарлайды. Филипп ханзада Виндзор сарайында бүгін таңертең бейбіт өмірмен қоштасты, — делінген корольдік сайтында.