Алдында ғана 18 000 дозадан тұратын бесінші және 29 000 дозалық алтыншы транш жеткізілген. Енді жақын күндері жалпы саны 424 мың дозаны тұратын тағы бірнеше түсім болады деп жоспарланып отыр, — делінген Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Егу орындары басқармаға қарасты барлық емханада және жеке медициналық орталығында (198), одан бөлек 20 нысанда (сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары), сонымен бірге Республика сарайында орналастырылған. Сонымен бірге тағы 250 егу пункті ашылуға тиіс.
Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, егу пункттерінде 2 250 медицина қызметкері (250 дәрігер, 1000 фельдшер, 1000 қосалқы жұмысшы) жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге 1 200 ерікті тартылған.
1 ақпаннан 8 сәуірге дейін 49 160 адамға вакцина егілді. Оның 12 281-і вакцинаның екі компонентін де алды. Өткен тәулікте 1 180 адамға вакцина салынды.
Вакцина алғандардың 10 263-і медициналық қызметкері, 8 285-і мұғалім, 5 982-і тәртіп сақшысы. Сонымен бірге ол қатарда 307 мемлекеттік қызметкер, 4 567 созылмалы аурулары бар адамдар және Алматы қаласы тұрғындарының басқа санаттары бар, — деді қалалық басқарма өкілі.
Қалалық басқарма Алматыда 2 миллионға жуық тұрғын бар екенін, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда тұрғындардың 50%-іне вакцина егуге болатынын хабарлады.
Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет пайда болу үшін Гамалея институтының микробиология профессоры Александр Гинцбургтың айтуынша, халықтың 75% иммундауды қажет етеді. Осы уақытта тұрғындар арасында кезек болдырмау мақсатында вакцинацияға тіркелу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вакцина алу үшін тіркелу және оны алу адамның жеке бас құжатын көрсеткен жағдайда жүргізіледі. Бір рет тіркелген адам өзімен бірге бүкіл отбасын алып келмеуі үшін әрқайсысы бөлек жазылады. Осындай жағдайда вакцинацияның уақытша алгоритмі сақталады, — деді басқарма өкілі.