«Қазгидромет» РМҚ мамандары жақын күндері батыстан шығысқа қарай жылы ауа-массасы ығысатынын хабарлады.
Соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде бұлттар сейіліп, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында фронтальды атмосфераның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел соғады деп болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал, — делінген хабарламада.