Мүфтияттың шешіміне сәйкес, бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар әрбір өңірдің санитария-эпидемиология жағдайына қарай өткізіледі.
«Жасыл» аймаққа кіретін облыстарда:
- Мешіт дəретханаларын қолдану барысында арақашықтықты жəне сантитария талаптарын сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дəрет алу;
- Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептиктер мен санитайзерлерді пайдалану;
- Толтырылуы 30%, бірақ 50 орыннан аспайтын жағдайлар сақталған кезде ауызашар өткізу;
- Тарауық намазында санитария талаптарын сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы өңірлерде мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;
- Тарауық намазы рұқсат етілген мешіттерде Құран хатымды (1 парадан асырмай оқу) санитария талаптарын сақтай отырып өткізу;
- Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-тен аспаған кезде рұқсат етіледі;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу;
- Мешітке кіруге міндетті түрде бетперде болған жағдайда ғана рұқсат ету.
- Құран оқытуға келушілер арасында арақашықтықты сақтау (10 адамнан артық кіргізбеу).
«Сары» аймаққа кіретін облыстарда:
- Тарауық намазында санитария талаптарын сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы өңірлерде мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;
- Мешітке келушілердің бетпердемен келуін қадағалау;
- Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-тен аспаған кезде рұқсат етіледі;
- Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептика құралдарын пайдалану;
- Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
- Мешіт дəретханаларын қолдану барысында арақашықтықты жəне сантитария талаптарын сақтау, мүмкіндігінше тез дəрет алу;
- Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай, уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу.
«Қызыл» аймаққа кіретін облыстарда:
- Тарауық намазы оқылмайды;
- Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу;
- Намаз оқушылардың арақашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу;
- Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу;
- Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
- Намаз оқып болған соң, мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу.
Бас мүфтидің орынбасары Ершат қажы Оңғардың айтуынша, бұл талаптар жергілікті бас санитар дəрігердің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін.
Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Оның айтуынша, жасы 60-тан асқан азаматтардан ауыз бекітпестен бұрын медицина тексеруінен өтіп, дәрігер кеңесін алғаны жөн.
Тағы оқыңыз:
2021 жылғы ораза кестесі: ауыз бекіту және ауызашар уақыты
Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?