Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді өз еркімен вакцина салдыруға үндеді

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жалпы вакцина салғандардын 17% проценті мұғалімдер. Мұғалімдер осы коронавирусқа қарсы вакцинаны екті. Жалпы бұл мәселе мұғалімнің өз еркімен шешіледі. Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ, негізінен министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцина салдыруға, ғылымға сенуге шақырамын, — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл біріншіден мұғалімдердің өздерінің, екіншіден мектепте оқып жатқан балалардың, ұжымдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 239 040 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлады.