Сархат Бейсенова астаналықтарға ескерту жасады

Қоғам үшін маңызды діни мереке — қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Ол еліміздегі көп адам үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық тұрғынынан мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді, — деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингіде.

Қаланың бас санитар дәрігері астаналықтарға шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді.

65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз, — деді Сархат Бейсенова.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады.

ДереккөзTengrinews.kz