Елімізде сапалы орта білім алуға қай өңірде жағдай жасалған?

Маңғыстау облысы сапалы орта білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі бойынша рейтингіде соңғы орында түр.

Нақтырақ айтқанда, өңір білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетті. Сапалы орта білімге қол жеткізу бойынша ең қолайлы жағдай Павлодар облысында жасалған.

Сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексін (Index of Disparity in Access to Quality Secondary Education IDAQSE) арнайы Орталық Азия елдері үшін PaperLab қоғамдық қоры басшылығымен зерттеушілердің трансшекара командасы әзірлеген.

Оның негізінде мемлекеттер тікелей әсер ете алатын бірқатар ресми өлшенетін көрсеткіш бар. Қазақстанға арналған көрсеткіштер үш топқа бөлінген, олар: «оқыту жағдайы», «білім беру акторлары», «АКТ-ға қол жеткізу».

Оқыту жағдайы

Бұл критериге үш көрсеткіш кіреді: үш ауысымда білім беретін мектептер үлесі; апатты жағдайдағы мектептер үлесі; дәретханасы сыртта орналасқан мектептер үлесі. Тізімдегі көрсеткіштер бойынша ең нашар жағдай Алматы облысында. Ал Павлодар облысында, керсінше сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасалған.

Білім беру акторлары

Төрт көрсеткіштен тұрады, яғни жоғары білімі бар мұғалімдер үлесі; жоғары білімі бір мұғалімге шаққандағы оқушылар саны; мұғалімнің орташа жалақысының аймақтағы орташа жалақыға қатынасы; оқуын жалғастырған 11-класс түлектері үлесі. Бұл көрсеткіш тобындағы басты аутсайдер астана, көшбасшы Түркістан облысы болды.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияларға қол жеткізу

Бұл критери төрт көрсеткіш негізінде жаслаған. Атап айтсақ, интернетке кіре алатын мектептер үлесі; бір мектеп компьютеріне келетін оқушылар саны; интернет қызметі бағасы мен аймақтағы орташа жалақының арақатынасы; ең арзан ноутбуктың аймақтағы орташа жалақыға қатынасы. АКТ-ға қол жеткізудің ең жоғары көрсеткішін Атырау облысы көрсетті, ал ең азын Шымкент көрсетті.

Орта білім

Көрсеткіш Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азия елдеріндегі білім беру теңсіздігінің жаңа қырлары: проблеманы өлшеуден саясаттың өзгеруіне дейін» жобасы аясында жасалған.

Зерттеу мазмұны авторлардың көзқарасын білдірмейді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.