Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі

Бұл туралы елдің санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Батыр Қурбановтың вакцинация жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, Өзбекстанда 3-кезеңдік клиника сынағынан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады. Ал, AstraZeneca вакцинасын екі рет қабылдау керек.

Азаматтар қай вакцинаны салдыратынын өзі таңдайды.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 миллион доза мөлшердегі вакцина қолданылып жатыр. Кейінгі дерек бойынша елде екпе қабылдағандардың жалпы саны 49 мыңға жеткен.

ДереккөзUzA.uz