Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
8 сәуірден бастап Денсаулық сақтау министрлігі Электронды үкімет порталы арқылы вакцинацияға жазылу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр, — деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.
Министдің сөзінше, азаматтар бұл үшін Электронды үкімет порталына тіркеліп, өтініш беруі қажет. Сонымен бірге тіркелген мекенжайы бойынша медицина ұйымын көрсетуге тиіс. Осыдан кейін өтініш медицина мекемесінің қарауына түседі.
Өтініш қаралғаннан кейін медицина ұйымы вакцина салынатын уақытта көрсету арқылы оны бөледі. Жоғарыда аталған іс-шаралар аяқталған соң өтінім берген азамат Электронды үкімет порталынан вакцина салдыру үшін медицина ұйымына қай күні және қай уақытта баруы қажеттігін біле алады. Мұндай хабарландыру азаматқа SMS-хабарлама арқылы да жіберіледі.