0%

Көлемі кітап сияқты. Салмағы жеңіл. Сыртына бірнәрсе жазып қоюға болады. Арнайы құрылғысы бар, қоссаң, өткен-кеткенді көрсете жөнеледі. Ол не?

Дұрыс! Қате!

Әу баста қат болған видеомагнитофон кейінірек барлық үйде пайда болды деуге болады. Оның ізін ала видеокамералар жетті. Той-думанды, отырыстарды, балалардың ойнағанын осындай камераға түсіру 90-жылдары келе бастады. Сәйкесінше, кассетаны видеомагнитофонға салып, бітіру кешін немесе үйлену тойын тамашалау отбасылық дәстүрге айналды.

90-жылдары балалар анасының капрон шұлығын немесе созғылауға болатын киімді неге пайдаланды?

Дұрыс! Қате!

Аулада қыздармен ойнаған резеңке 90 жылдары кең таралған еді. Екі жақтан екі адам резеңкені аяқпен тартып тұрады. Ортадағы адам кейде резеңкеге тимей, кейде үстін басып, секіреді. Ойынның бірнеше кезеңі бар. Бұл ойын қазір де бар.

Суреттен не көріп тұрсыз?

Дұрыс! Қате!

Бұл - шашқа арналған қыстырғыш. Серіппені ашып, шашыңызға тақағанда қайта жібересіз. 90-жылдары балабақшаға немесе мектепке баратын қыздарда осындай қыстырғыштар болған.

Суреттегі не?

Дұрыс! Қате!

Әлбетте, бұл - Yupi, суға ерітіп ішетін сусын. Ішкен де арманда, ішпеген де арманда. Дәмін бала кезде біраз адам көрді. Аузыңда бояуы қалып қоятын. Кейде балалар бұл ұнтақты суға салмай-ақ жей беретін. Yupi-ден бөлек ZUKO, Invite деген де өнімдер болды.

Бұл фильм 1997 жылы шығып, аса танымал болды. Басқалардан ерекшелігі, фильм постерлері, кейіпкерлер бейнеленген киім (футболкадан бастап ішкиімге дейін), ойын карталары, дәптерлер кең таралады. Қайда қарасаң да, осы фильмнің элементін көруге болатын еді? Ол қай фильм?

Дұрыс! Қате!

Джеймс Кэмеронның "Титанигін" көрмеген адам жоқ деуге болады. Постері біраз үйде ілініп тұратын. Ал "My Heart Will Go On" әнінің сөзін жастар кирилл қарпімен дәптерге жазып алушы еді. Джек пен Роуз суреті бар футболка-майка да сатылды, сәнде болды.

Montana деген брендті естіген бе едіңіз? 90-жылдары Montana өнімі жастар арасында сәнге айналды. Ол не еді?

Дұрыс! Қате!

Montana - электрон сағаттардың маркасы. Күміс түсті, металл қолсағат 90-жылдары жастардың арманы еді. Сағатты төңкергенде астындағы қақпағында қыран құстың суреті болды. Montana тек уақытты емес, датаны да көрсететін, музыка да қосатын.

Суреттегі әріптер жиынтығы қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

Суреттегі әріптер жиынтығы трафарет деп аталады. Компьютер мен принтерлер қолжетімсіз кезде реферат және тағы басқа дүниелерді жазуға қолданылды.

Суреттегі не?

фототаспа
Дұрыс! Қате!

Бұл - фототаспа. Ескі фотоаппараттар фотоны осындай таспаға түсіретін. Суретті шығарып алған соң, мұны жарыққа тақап, фотоны көруге болатын.

Тетрис деген не?

Дұрыс! Қате!

90-жылдары Brick game аталатын ойын құрылғысы болды. Ол кейін шыққан ұялы телефонға немесе қазіргі планшетке ұқсас еді: кішкентай экраны және кнопкалары бар. Ішінде 1984 жылы кеңес программистері шығарған Тетрис ойыны болатын.

Ғалым, тарихшы Шоқан Уәлихановтың суреті 90-жылдары қай купюрада бейнеленді?

Шоқан Уәлихановтың ақшадағы суреті
Дұрыс! Қате!

Қазақстан теңгесі 1993 жылы қолданыла бастады. Әр купюрада қазақтың белгілі тұлғаларының суреті болатын. 10 теңгелік қағаз ақшада Шоқан Уәлихановтың суреті тұрды.

90-жылдарды қаншалық жақсы білесіз?
90-жылдарда қолданылған заттар мен ойындардан хабарыңыз аз екен. Білетін адамдардан сол кездегі қызықты әңгімелеп беруін сұрауыңызға болады.
Нәтиже жаман емес. Өткенді әңгімелеп, еске алып тұрғанның айыбы жоқ.
Тамаша! 90-жылдардағы біраз дүние есіңізде екен. Өткенді сағынып, ностальгияға берілетініміз бар. Оның үстіне сол жылдардағы кей киімдер бүгінде қайта сәнге айналып жатыр, келісесіз ғой?

Әлеуметтік желіде бөлісу: