Пандемияға тура келген Рамазан айында Меккеге қалай баруға болады?

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Биыл Сауд Арабиясындағы діни жерлерге тек үш міндетті шарттың бірін орындағандар ғана бара алады: коронавирусқа қарсы екі рет вакцина салдыру, умраға барардан 14 күн бұрын вакцинаның алғашқы дозасын салдыру немесе сапарға дейін ауырып жазылғандар.

Рамазан айында Мекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешітке умра жасауға және баруға коронавирусқа қарсы вацинаның екі дозасын алған адамдар, қажылықтан екі апта бұрын вакцина салдырғандар немесе аурудан жазылған адамдар бара алады, — деді Сауд Арабиясының SPA агенттігіне қажылық және умра министрлігінің өкілі.

Араб елдерінде Рамазан айы 13 сәуірде басталады. Рамазан айындағы умраның негізгі қажылықтан айырмашылығы жылдың кез келген уақытында баруға болады.

Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысында өтеді. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа патшалықта тұратындар 10 мың адам ғана шақырылды.

Сауда Арабиясы, Мекее, қажылық, пандемия
Фото: EPA-EFE

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Діни күнтізбе бойынша Рамазан айы 14 сәуірде басталады.

Тағы оқыңыз: Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?

ДереккөзSputnik.kz