Иранның Горгон қаласынан Ақтауға жаңа әуе рейсі ашылды

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Горган қаласынан ұшып шыққан алғашқы рейс жылы 1 сәуірде Ақтауға қонды.

Алғашқыда әуерейстер айына бір рет орындалады. Болашақта олардың жиілігін арттыру жоспарланып отыр.

Иран әуекомпаниясы ішкі және халықаралық рейстеріне төрт Ту-154 және бірнеше MD-80 флотымен, сонымен бірге Fokker-100 ұшақтарымен шығады.

Статистика деректеріне сәйкес, Иранның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мүшелерімен саудасы 2020 жылғы 20 наурыз бен 2021 жылғы 18 ақпан аралығындағы кезеңде 1,9 миллиард доллар болған.

Былтырғы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 9,4% төмендеді. Өткен 11 айда Иран ЕАЭО елдеріне 933 миллион доллар сомасына 2,4 миллион тонна тауар экспорттады. Бұл салмағы бойынша 17% және құны бойынша төрт процентке аз.

ДереккөзHolanews.kz