Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның Қызыл...

Қазақстанның Қызыл кітабына тағы үш жануар енгізілді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізу бұған негіз болды.

Айта кетейік, Алдыңғы Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870-1,3 мың бас, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында кездеседі.

Сонымен бірге бүгінде Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.

Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады, жылқы отбасының сирек кездесетін өкілдерінің бірі, елде шамамен 10 шақты данасы бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.