Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ержан Ашықбаев президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Оның орнына Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Ақан Рахметуллин бұған дейінгі Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.