6-8 сәуір: Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМҚ мамандарының болжауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклоны келеді. Оның әсерінен құбылмалы ауа-райы сақталады.

Солтүстік өңірлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), кей жерлерде көктайғақ болады. Батыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын тоқтайды деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түседі, жел соғады. Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл тұрады. Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде біртіндеп күн жыли бастайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 3-5 сәуір күндері Қазақстан аумағында көктемге тән ауа райы болатынын хабарлаған едік.