Келген бойда шатыр мен сыртқы қаптама өртеніп жатқаны анықталды. Бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өртті сөндіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 техникасы мен 32 адамы бар, — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиға орнындағы Tengrinews.kz тілшілері қазіргі уақытта (23.07-де) полицейлер өрт шыққан учаскені қоршауға алғанын хабарлады.