Басты бетҚоғам"Қордай -...

«Қордай — Ақ Жол» қайта жөнделген өткізу пункті ашылды

Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Қырғызстан премьер-министрі Улукбек Марипов Үкіметаралық кеңестің IX отырысынан кейін «Қордай — Ақ Жол» өткізу пунктінің ашты.

2020-2021 жылдары жүргізілген қайта жөндеуден кейін өткізу пунктінің құрылыс алаңы 3,5 есе, 4,9 мың шаршы метрге дейін, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 8-ге дейін, паспорттық бақылау кабиналарының саны 13-тен 34-ке дейін ұлғайтылды, заманауи инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды, — делінген премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фото: Primeminister.kz

Қабылданған шаралардың нәтижесінде пункттің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1 мыңнан 2,5 мың автомобильге дейін және 6 мыңнан 25 мың адамға дейін өсті, бұл Қазақстан мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мультипликативтік әсер етеді.