Ұлттық банк төрағасы президентке тұрғын үй саясатына қатысты ұсыныс айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерболат Досаевты Мемлекет басшысына биылғы І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндады. Әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Ұлттық банк төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берді.

Ерболат Досаев сонымен бірге Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.