Global Finance нұсқасы: ForteBank тағы да Қазақстанның үздік банкі болып танылды

Біз Global Finance басылымына жұмысымызды бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Марапатты қатарынан төрт жыл бойы алуымыз тиімді қызметіміз бен дұрыс таңдалған стратегиямызды растайды. Пандемиямен байланысты күрделі нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank клиенттеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда және сапалы инновациялық қызметтерді ұсыну үстінде. Банк елдегі ең жоғары өтімді және жақсы капиталдандырылған қаржы институттарының бірі болып қала береді. Мен Forte-нің әр қызметкеріне сапалы жұмысы және осы қиын-қыстау кезеңдерде банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді, — деді марапаттау рәсімінде пікір білдірген ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Гурам Андроникашвили
Гурам Андроникашвили. Фото банктің баспасөз қызметінен

Банктер бүкіл әлем бойынша экономиканы қалпына келтіруде шешуші роль атқарады. «Үздік банк» марапатын бере отырып, біз өсуді қалпына келтіріп, одан әрі даму жолдарын анықтай алған көшбасшыларды бөліп көрсетеміз. Жаһандық пандемиядан туындаған бұрын-соңды болмаған экономикалық жағдайларды ескере отырып, осы жылдың нәтижелерін бағалау — марапаттың 28 жыл ішінде беріліп келе жатқанының маңыздылығы мен құндылығына ие, — деп түсіндірді баспагер және Global Finance редакциясының директоры Джозеф Д.Джиаррапуто.

Global Finance 1987 жылы құрылған, таралымы — 50 000 дана. Әлемнің 189 елінде оқырмандары бар. Global Finance аудиториясына халықаралық компаниялар мен қаржы институттары жұмысындағы инвестицияларға, стратегиялық шешімдерге жауап беретін қаржы және корпоративтік салалардағы басшылар кіреді. Уеб-сайтында — GFMag.com — халықаралық қаржы нарығындағы 34 жылдық жұмыс нәтижесі болатын талдаулар мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, бүкіл әлем бойынша басқа да бөлімшелері бар. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызметтердің басқа өкілдері арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сенімді сапа стандартына айналды.