Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде тағы бір өңір “сары” аймаққа өтті

Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

2 сәуірде Ақтөбе облысы “сары” аймаққа кірді. Өткен тәулікте өңірде 50 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

«Қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары бар.

Ал «сары» аймақта Ақмола, Қарағанды облыстары мен Шымкент орналасқан.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте 2077 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Exit mobile version