Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға қарсы жаза енгізді

Бұл туралы Nuz.uz басылымына сілтеме Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қылмыстық кодекске қосымша құжатқа қол қойды.

Онда Өзбекстан президентін телекоммуникация желісі немесе интернет арқылы көпшілік алдында қорлап немесе жала жапқандарға 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Бұрын баспасөзді немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, президентті көпшілік алдында қорлағаны немесе жала жапқаны үшін жауапкершілік көзделген болатын, — деп жазды портал.

Өз кезегінде Sputnik Өзбекстан БАҚ пен интернет арқылы бұқаралық тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін де қылмыстық жаза қарастырылғанын хабарлады. Ол 10 жылға дейін колонияға қамау жазасын көздейді.