2021 жылы жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, жолдардың шұңқырларын және ойыстарды жою, бүлінген асфальтбетон жабындарының жекелеген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстарын «КазСпецНефтьСтрой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізбек.
Ауа-райының жағдайына және қойылатын талаптарды ескере отырып (ауа температурасы +5 градустан жоғары болған кезде), асфальт төсеу жұмыстары сәуірдің бірінші жартысына жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта автомобиль жолдарының зақымдалған учаскелерін тексеру және өлшеу жүргізіліп жатыр. Бұдан соң қаланың басты және автокөлік көп жүретін көшелерінде жөндеу жұмыстары басталады.