Баға көтеріле береді — БҚО әкімі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілетінін түсіндірді. Алайда ол жағдайдың бақылауға алынғанын атап өтті.

ОКҚ-да журналистердің сұрағына жауап берген Нұрлан Ноғаев бұл мәселе бойынша миниторингтің жүргізіліп жатқанын айтты.

«Баға үнемі бір деңгейде тұра алмайды. Ол түрлі объективтік және субъективтік себептер бойынша көтеріледі. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік мониторингі үшін облыста облыстық, қалалық және аудандық штаб құрылды, оларға жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдар мен қоғам өкілдері кіреді. Біз ол жұмысты жоспарға сай жүргізіп жатырмыз», — деді Ноғаев.

«Баға шарықтады» дегенде нақты қай азық-түліктің, қаншаға көтерілгенін айту керек. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда. Тағы бір мәрте айтқым келеді: бағаның объективті түрде өсуі бар және болады да. Біз бағаны үнемі бір деңгейде ұстап тұра алмаймыз», — деді БҚО әкімі. Мәселені толығырақ зерделеу үшін ол журналистерді өңірге шақырды.

Дереккөзtengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда халық кезек күтпеуге мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі

Елімізде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және «Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр.

Жастар үні: Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген

Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл туралы бүгін «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Шымкентте жаңа ипподром ашылды

Бүгін Шымкентте Наурыз қарсаңында жаңа ипподром ашылды. Салтанатты шара еліміздің әр өңірінің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуенін күтіп алудан басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.