Қазақстанның кей өңірінде қар суы ағыны болуы мүмкін

28-29 наурыз аралығында күн жылынуы және жауын-шашын болжамына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының жазық өңірінде қар көп еріп, еріген қар суы ағыны пайда болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Алматының төтенше жағдайларды бақылау департаменті қала аумағындағы тауларда қар көшкіні болуы мүмкін екенін де болжады.

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар жауған беткейлерге бармауға кеңес беріледі, — делінген хабарламада.