Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов Шымкент қаласының 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісті.
«1994 жылы қаланың бюджеті 1 млрд теңге еді, ал қазір ол 110 есеге өсті. Қалаға құйылатын инвестиция көлемі де артты. Бұрын 459 млн теңге болса, бүгінде 200 млрд теңге. Ал, кәсіпорындар өз өнімділіктерін 4,9 млрд теңгеден 265 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. 25 жыл ішінде қалада аумағы 965 мың шаршы шақырым болатын тұрғын үй қолданысқа берілді»,-деді әкім.
Қала басшысының айтуынша, Шымкент 25 жыл ішінде бизнесмендердің сүйікті қаласына айналған. Себебі, бүгінгі күні қалада 75 мың бизнес субъектісі тіркелген екен. Олар 136 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. 1991 жылдары мектеп саны 72 болса, қазір — 129. Ал, балабақша саны 129-дан 383-ке жетті.
Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдарында шымкенттіктердің әлеуметтік жағдайы ондаған есеге жақсарған. Оған дәлел — жұмыссыздықтың 5,2 пайызға азаюы.