19 наурызда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда COVID-19 талдауы үлгілерінде «ұлыбританиялық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» штамдарға ұқсас мутациялар анықталғанын хабарлаған еді.
Бұл мутациялардың бар екенін растау үшін үлгілер ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығына берілді. Университет қызметкерлерінің, сондай-ақ TreeGene генетикалық зертханасының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзімде COVID-19-дың оң нәтижесін көрсеткен екі үлгінің толық S гені жүйеленді, — деді Қайсар Табынов.
Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бір S үлгісінде геннің құрамында B.1.1.7 «ұлыбританиялық штамына» тән амин қышқылдарының алмастырғыштары мен амин делекциясы бар екенін көрсетті. Екінші сынамада S генінде «оңтүстікафрикалық штамға» тән B. 1.351 аминқышқыл алмастырғыштары мен аминқышқыл делециялары бар.
Осылайша, Қазақстанда ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирустары анықталды. Мұндай мутациясы бар вирустар жұқпалы болатыны белгілі, — деді Қайсар Табынов.
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықтықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.
Бүгінде Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте КВИ-ді жұқтырған 12 800 адам тіркелді. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, індетті жұқтырудың жоғарғы деңгейі қаупі бар.
Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ке дейін жоғары. Бұл инфекцияның өте жұқпалы екенін білдіреді.
Құрметті алматылықтар және қала қонақтары. Бүгінде өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Сәуір айында біз вакциналардың жаңа дозасы келеді деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, Алматыда 2 миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штамдар айналымы аясында барлығыңызды да ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын, – делінген хабарламада.