Коронавирустың өршуі бойынша елорда әлі де «қызыл» аймақта. 14 наурыздан бастап инфекцияны жұқтыру 24% көбейді. Егер ақпанда тәулік ішінде орта есеппен 100 жаңа дерек тіркелсе, 25 наурызда бұл көрсеткіш 230-ға дейін жетті, — деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Тимур Мұратовтың мәліметіне қарағанда, Нұр-Сұлтанда 25 наурызға дейін коронавирустың 3 754 дерегі тіркелген. COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі Наурыз мейрамынан кейін көбейді.
Пандемияның өршіген кезеңімен салыстырсақ, біз қазіргі ахуал былтырғы жаз айларына ұқсас екенін байқаймыз, — деді ол.
Еске салайық, Қазақстанда 25 наурызда 1 100 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтанда 185 дерек анықталды.