0%

Айтпақшы, жедел жәрдем шақыру үшін қай номерге хабарласасыз?

Дұрыс! Қате!

103 номеріне хабарласып, диспетчермен байланыса аласыз.

Қай нұсқа инсульттің негізгі белгілерінің бірі саналады?

Дұрыс! Қате!

Инсульт болған кезде адамның басы айналады және ауыра бастайды, дененің бір жақ бұлшықеті әлсірейді, бет қисаяды, сөйлеу қабілеті нашарлайды, көзі бұлыңғырлана бастайды.

Әріптесіңіз мұрнынан аққан қанды тоқтата алмай әлек. Қалай көмектесесіз?

Дұрыс! Қате!

Зардап шегушіні отырғызып, басын алға қарай еңкейтіңіз. Қанның толығымен ағып кетуін қадағалаңыз. Мұрнын 10 минут екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз. Ауызға қан толып қалса, оны жұтпай, бірден түкіріп тастау қажет: асқазанға түскен қан жүрек айнытуы мүмкін. 15 минут ішінде қан тоқтамаған жағдайда, мұрынға тығын (тампон) салынады. Мұндай жағдайда дәрігерге көрінген жөн.

Суға батып бара жатқан адамды жағаға қалай шығарған дұрыс?

Дұрыс! Қате!

Суға батып бара жатқан адамды бетін жоғары қаратып, шашынан немесе қолтығынан ұстап жағаға қарай жүзу керек. Құтқарушы адам өзін ұстатпауға тиіс. Өйтпеген жағдайда екеуі де бірге суға батып кетуі мүмкін.

Ініңіздің басына күн өтіп кетіпті, жылу соққысының алғашқы белгілері байқала бастады. Не істейсіз?

Дұрыс! Қате!

Ең дұрысы - жылу соққысын алған адамды көлеңке жерге отырғызып, салқын су ішкізу. Маңдайына және желкесіне салқын компресс жасау қажет.

Көшеде кенет ауа жетпей, тұншығып жатқан адамды көріп қалдыңыз. Ең бірінші әрекетіңіз қандай болады?

Дұрыс! Қате!

Ең әуелі жедел жәрдем шақырғаныңыз жөн. Содан кейін барып медицина қызметкерлері келгенше қолдан келетін көмек көрсетесіз.

Әлдебір зат денеге кіріп кетсе (мысалы, пышақ немесе темір сүйем), не істеу қажет?

Дұрыс! Қате!

Адам пышақ, ағаш секілді заттардан жарақаттанған кезде оны жарақат орнынан суырып алуға болмайды.

Адамды тоқ ұрғанда алдымен не істеу керек?

Дұрыс! Қате!

Ең әуелі тоқ ұрған электр құрылғысының өшкеніне көз жеткізу керек. Себебі ол жарақаттанушыға да, көмектесуші адамға да қауіп төндіруі мүмкін.

Анаңыз тамақ дайындап жатып, қолын кесіп алды. Не істеуге кеңес бересіз?

Дұрыс! Қате!

Қолды кесіп алған кезде антисептик немесе сабынды ерітіндімен емдеу керек. Инфекцияның алдын алу және қан кетуді тоқтату үшін стериль таңғыш тағу қажет. Жара терең болса немесе қан ұзақ уақыт тоқтамаса, дереу ауруханаға бару керек.

Қыста автокөлігіңіз жолда тоқтап қалды. Біраз уақыттан соң бетіңіз бен аяқ-қолыңыз тоңа бастады. Сол кезде мына әдістің қайсысын істемеген жөн?

Дұрыс! Қате!

Қол қолғап ішінде тоңса, алақан-білекті бұлғақтатып, жаттығу жасау керек. Жұдырықты түймеген дұрыс. Ал жалаң қолға қар тигенде саусақтарды қусырып, киімнің ішіне сұғу керек. Қол құрғап, жылығаннан кейін ғана қолғапты кию керек. Аяқ тоңса да, бұлғақтатып жылыту керек. Башпайларды сыздап ауырғанына қарамай, қиылдата берген жөн. Бет тоңса, қатты иіліп, біраз жүріп қайтқан дұрыс. 10-20 рет еңкеюге де болады. Бетті қатты желден тығыз бетперде арқылы қорғау қажет. Үсіген жерді жұмсақ шүберекпен ысқылауға болады.

Тест: алғашқы медицина көмегін дұрыс көрсете аласыз ба?
Өкінішті!
Төтенше жағдай кезінде алғашқы медицина көмегін көрсету қолыңыздан келмейді екен. Сізге алғашқы көмек көрсетуді үйренуге кеңес береміз
Жақсы!
Алғашқы медицина көмегінің біраз түрін біледі екенсіз.
Бәрекелді!
Шұғыл әрі төтенше жағдай кезінде алғашқы медицина көмегін көрсете алады екенсіз. Қиын сәтте зардап шеккен адамды сізге сеніп тапсыруға болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу: