Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Шейх Хамдан Әмірліктердің дамуы мен өркендеуі, халқының игілігі мен мүддесі жолындағы ұзақ жылдар бойы атқарған мінсіз қызметінің арқасында зор құрметке ие болғаны баршаға белгілі. Қазақстан халқы да ағаңыз Шейх Хамдан Әл Мактумды екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына сүбелі еңбек сіңірген еліміздің нағыз досы, тілектес бауыры ретінде әрдайым есінде сақтайды. Жоғары мәртебелі Шейх Мұхаммед, орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтасып, бүкіл қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге және Әмірліктер халқына көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, сонымен бірге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға және вице-президенті, премьер-министрі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумге көңіл айту жеделхатын жолдады.