Басты бетЖапонияда Олимпиада...

Жапонияда Олимпиада алауы эстафетасы басталды

Алау эстафетасы Фукусимадағы футболдан жаттығу алаңында басталды. Бұл 2011 жылғы жер сілкінісі кезінде қатты зардап шеккен аудандардың бірі. Тап осы жер Олимпиада алауы эстафетаның концепциясына сай келеді.

«Үміт біздің жолымызға жарық береді» деп аталатын ұран кейінгі кезде Жапония мен дүниежүзі халқына төнген қауіп кезеңіне де дәл келеді, — деп хабарлады OlimpiC.kz.

Алауды алғаш болып алу жүру бақыты 2011 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған футболшы Адзус Ивасимидзуге бұйырды. Сол жылы апаттан ес жия алмаған халықтың рухын көтеруге олардың жеңісі ерекше әсер еткен еді.

Токио Олимпиадасы
Фото: ТАСС

121 күн бойы жарты миллион үміткердің ішінен таңдап алынған 10 000 факел ұстаушы Жапония жеріндегі алау эстафетасына қатысады.

Алау құтысының дизайны да ерекше. Алтын және қызғылт түсті құты жапон көктемінің белгісі саналатын шиенің гүлдейтін кезеңін де есепке алған. Құтының шамамен 30%-і 2011 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейін уақытша үйлерде пайдаланып, өңделген алюминийден жасалды.

Айта кетелік, Олимпиада алауы 2020 жылдың 20 наурызында Жапонияда тұтанған еді. Токио ойындары бір жылға ауыстырылған кейін, алау Олимпиада мұражайында жанып тұрды.

ДереккөзOlpmpic.kz