Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды

Иллюстрация: Dribbble.com/©Alexey Boldin

Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қазіргі кезде сарапшылар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін және оның вакциналарға төзімділігінің деңгейін тексеріп жатыр.

18 штатта алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інен ғылымға бұрыннан белгілі вирусты анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен – оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус анықталған.

Мамандардың айтуынша, көп штамның бар болуы ауруға шалдығудың өршуімен тікелей байланысты емес.

Сәрсенбі күні Үндістанда коронавирус жұқтырудың 47 262 жаңа оқиғасы мен 275 өлім жағдайы тіркелген. Бұл 2021 жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Құрамына елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 10 жетекші ұлттық зертхана кіріп отырған Үндістанның SARS-CoV-2 геномикасы жөніндегі консорциумы (INSACOG) вирустың соңғы үлгілерін гендік жағынан зерттеді.

Нәтижесінде батыстағы Махараштра штатынан жиналған үлгілердің болмашы бөлігінен өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда E484Q және L452R мутацияларының үлесі байқалып отырғаны анықталған.

Вирустар мутацияға жиі ұшырап отырады, алайда олар уыттылықтың артуы немесе аурудың асқынуына әкелмейді. Олай болғанымен, кейбір мутациялар, мысалы, британдық немесе оңтүстікафрикалық мутациялары вирусты бұдан да жұқпалы, тіпті өлімге әкелетіндей ете алады.

Exit mobile version