Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды, онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы ПД криминал полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділова кешке жақын жұмыстан шыққаннан кейін үйіне оралмағаны хабарланған еді.