Актер Нұрлан Әлімжанов жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева растады.

Ақпарат рас, Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды, — деді ол ҚазАқпарат тілшісіне.

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматыда дүниеге келген. 2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Музыкалық театр мен кино актері факультетін, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының Экономика және бизнес факультетін бітірді.

2003-2008 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық театрының актері болды.

2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстанның Денсаулық елшісі» атанды.

2019 -2021 жылдары – Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Көпшілікке «Ағайындылар», «Теміртау көктем», «Балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Көшбасшының жолы – Темір тауы», «Көшбасшының жолы – Отты өзен», «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмдері арқылы танымал.

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының және Қазақстан президентінің Алғыс хаттарымен мараптталған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013 г.), «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының лауреаты.

ДереккөзҚазАқпарат