Басты бет Жаңалықтар Euronews журналистері ереуілге шықты

Euronews журналистері ереуілге шықты

Euronews журналистері 24 сағаттық ереуіл жариялады, деп хабарлайды centralasian.org.

Ереуіл 15 желтоқсанда түнде басталды. Журналистер, оларды қолдаған техникалық қызмет бұл күні жаңалықтар дайындамады. Корпорация қызметкерлері басшылықтың қаржы тапшылығына байланысты келесі жылдың сәуірінде украин редакциясын қысқарту туралы жоспарына қарсылығын осылайша білдірді.

5 желтоқсанда Euronews журналистері телеарна тарихында бірінші рет ереуіл өткізді. Сол кезде олар басшылықты цензура мен ақпаратты бұрмалап таратты деп айыптады.

2015 жылдың ақпанынан бастап Euronews акциясының жарымы египеттік миллиардер Нагиб Савиристың бақылауына өтті. Кәсіпкер оны Египетке Ресей президенті Владимир Путин келіп кеткеннен кейін сатып алды. Сол себепті журналистер редакция саясаты мен телеарнаның тәуелсіздігіне қатысты қауіптерін жасырмай айта бастады. Қазіргі таңда Euronews акцияларының елеулі бөлігін америкалық NBC News корпорациясына сату туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version