Алматыда саперлар «мина қойылды» деген мектептерді тексерді

Полиция департаментінің саперлық бөлімшелері сағат 14.41-де қаладағы 34 мектепті тексеруді аяқтады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ, — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 19 наурызда таңертең белгісіз біреу мектептердің электрон поштасына ақша аударуды сұраған хат жіберген. Ақша аударылмаған жағдайда мектепті жарып жіберетінін жазған.

Алғашында 12 мектеп осындай хабарлама алса, кейіннен тағы 22 мектеп электрон пошта арқылы осы хабарламаны алған.

Алматының полиция департаменті аталған факт Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліліп жатқанын хабарлады.