Басты бетМедицинаЕлімізде сәуір...

Елімізде сәуір айында 1 миллионнан астам адамға вакцина салынады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам вакцина салдырды. Оның 63 мыңнан астамы медицина қызметкері, 22 мыңы педагог, 7 мың күш құрылымдарының қызметкері, 8 мың азамат басқа санаттардан. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство егілген адамдардың 1%-інде күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сонымен бірге вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі көріністер тіркелгенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, халықты одан әрі иммундау мақсатында сәуір айында 1 миллионнан астам азамат вакцинацияланады.

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сонымен бірге азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту жоспарланып отыр. Вакцинация COVID-19 инфекциясымен күресудегі ең тиімді шара, — делінген министрлік таратқан хабарламада.