Басты бет Білім Алматыда 34 мектеп жарылғыш зат «қойылғаны» туралы хабарлама алған

Алматыда 34 мектеп жарылғыш зат «қойылғаны» туралы хабарлама алған

Белгісіз біреу мектептердің электрон поштасына ақша аударуды сұраған хат жіберген. Ақша аударылмаған жағдайда мектепті жарып жіберетінін жазған. Қазіргі кезде 18 мектеп ғимараты тексерілді.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 34 мектептің электрон поштасына жарылғыш зат «қойылғаны» туралы хабарлама келген. 12 сағат 20 минутағы мәлімет бойынша саперлер 18 мектепті тексеріп үлгерді. Жарылғыш заттар табылған жоқ, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 наурыз таңертең Алматы полициясы белгісіз адам қаладағы 12 мектептің электрон поштасына ғимараттың жарылатыны туралы хат жібергенін хабарлаған еді.

Алматының полиция департаменті қазіргі кезде саперлер мектептерді тексеріп жатқанын, аталған факт Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

Жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліліп жатыр, – деді полиция департаментінен.

Әлеуметтік желіде қаладағы мектеп ғимараттарының қоршауға алынғаны туралы видеолар тарап жатыр.

Exit mobile version