Бұл туралы Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда белгісіз адам 12 мектепті «миналаған». Қаскөй 12 білім беру мекемелерінің электрон поштасына ақша аударуды сұраған хат жіберген, егер ақша аудармаған жағдайда мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытқан, — делінген хабарламада.
Алматының полиция департаменті қазіргі кезде саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатқанын, аталған факт Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
Жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліліп жатыр, — деді полиция департаментінен.