КСРО кезінде Наурыз діни мейрам саналып, 60 жылдай оны тойлауға тыйым салынған еді. Мейрам тек 1988 жылы халыққа оралды. 30 жылдан астам уақыт бұрын қазақстандықтар Наурызды қалай атап өтті? Ескі суреттер ұсынамыз.
Ұзақ жыл тыйым салынып келген Наурыз мейрамы 1988 жылдан бастап қайта тойланды, ал 1991 жылдың 15 наурызында ресми бекітілді. 2001 жылдан бастап Наурыз мемлекеттік мейрам саналды, 2009 жылдан бері Қазақстан халқы мейрамды 21-23 наурыз аралығында үш күн атап өтетін болды.
80-жылдары Наурыз мейрамы жұрт алдында тойлана бастаған. Концерттер ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар пісіріледі. Мына түрлі-түсті сурет 1981 жылғы 22 наурызда Алматыда түсірілген. Фотодағы қыз — қаладағы қазақ ансамблі мүшесі.
Алматы, 1988 жыл. Наурыз ұлттық мейрамының ашылу сәті.
1988 жыл, Алматы облысы. Фото авторы: Жұбанов. Наурыз мейрамы кезінде «Тұсау кесу» рәсімі болып жатыр.
1989 жыл, Алматы облысы. Авторы: Жұбанов. Фотода соғыс және еңбек ардагері Ысқақ Әлібеков пен КСРО халық артисі Роза Бағланова, Алматы облысы, Кеген ауданы, «Қызылту» совхозының аға шопаны Ж.Молдасанов.
1988 жыл, Алматы. Садақ ату сайысының қатысушысы. Наурыз мейрамын тойлап жатқанда түсірілген фото.
Өскемен. Наурыз мейрамына дайындық. Фото авторы: В.Воротников
Целиноградтағы Наурыз мерекесі. Фото авторы: В.Корчин.
* * *
Тағы оқыңыз: Наурыз қайта тойлана бастаған жылдары қазақ баспасөзі не жазды?