Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Швеция, Финляндия жəне Австрия бұл салада көш бастаса, Ресей 65-ші, Түркия 66-шы сатыға жайғасқан. ТМД құрамындағы елдерден Беларусь 26-шы, Украина 30-шы, Грузия 41-ші орында тұр, — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Түркменстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Армения мен Молдова рейтингтен тыс қалқан. Тізім соңында Маврикий (97), Үндістан (98) мен Пәкістан (99) тұр.
Euromonitor International компаниясы ғаламдық нарықты тұрақты бақылап, стратегия зерттеулерін жүргізеді. Бұл зерттеу нəтижесі халықаралық компаниялар, шағын жəне және орта бизнес өкілдері үшін сенімді ақпарат көзі саналады.
Рейтинг экология, парасаттылық және жауапкершілік сынды принциптерге негізделген. Сала зерттеушілері тұрақты туризм саласымен бірге табиғи ресурстарды сақтауды, қоғамдағы əлеуметтік жəне мəдени құндылықтарды жандандыруды көздейді.