Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында хабарлады.
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысы белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқыланып жатыр. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, — деп жазды Айдос Үкібай.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы керек
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) March 18, 2021
Айта кетейік, Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған еді.