Басты бетМедицинаМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Алматының денсаулық сақтау жүйесін сынады

Президент бұл саладағы көп маңызды мәселе коронавируспен күрестің көлеңкесінде қалып қойып жатқанын айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы азаматтардың медицина қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын айтуымыз керек. Медицина кадрларының жетіспеушілігі де көптің көкейіндегі күрмеулі мәселе. Бұл проблема жылдар бойына шешілмей келе жатыр. Әсіресе, кешегі төтенше жағдай режимі кезінде бұл мәселенің өзектілігі арта түсті. Қалаға 300-ге жуық дәрігер қажет. Бұл өте көп. Егер Алматыда жағдай осындай болса, онда шет жатқан аймақтар туралы не айтуға болады?!, — деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жағдайды қаланың денсаулық сақтау басқармасындағы кадрлардың тоқтаусыз ауысуы ушықтырып жіберіп отыр.

Онда жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар орын алды. Қалай айтсақ та, денсаулық сақтау басқармасында тұрақтылық болған жоқ. Әкімдік бұл мәселелерді шешумен нақты айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Akorda.kz

Президент сонымен бірге еліміздегі эпидемиология ахуалының тұрақсыз екенін, Алматы тұрғындары мен бизнес өкілдері коронавирустан сақтануға аса мән бермей, оны елемей жүргенін айтты.